365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Almaty Garden Show-2018» бау-бақша фестивалі ашылды

  • 302
  • UPD: 23:32, 14.09.2018
Алматыда «Almaty Garden Show-2018» бау-бақша фестивалі ашылды

Алматыда дәстүрлі «Almaty Garden Show-2018» бау-бақша фестивалі ашылды.

Шара қала күніне орай ұйымдастырылған. Үш күн бойы алматылықтар мен қала қонақтары әсемдікке толы ландшафт үлгілерін тамашалай алады. Шараға Қазақстанның өзге аймақтарынан келген 18 дизайнер қатысуда. Фестиваль аясында жас бағбандар үшін шеберлік сабақтары өтеді. Ашық аспан астындағы ерекше мүсіндер, көздің жауын алатын гүлдер мен алқызыл алмалар күзгі қаланың реңін аша түскен. Сондай-ақ қонақтар тал, жүзім ағашы мен түрлі гүлдердің көшеттерін сатып ала алады.

Татьяна Антоненко, «Almaty Garden Show – 2018» фестивальінің  ұйымдастырушысы:

- Біз өзіміз үшін, таза ауамен демалу үшін қалаға табиғатта мекендейтін жәндіктер мен даланың түрлі шөптесін өсімдіктерін әкелуіміз керек. Қалаға құстар да, ұсақ жәндіктер мен көбелектер де керек. Олар экологияны сақтайды, біздің табиғатпен етене өмір сүруімізге қажет. Жасанды шөптердің пайдасы жоқ. Бүгінгі көрмеде қаланы көгалдандыруға қажет бұйымдарды көрсетеміз.

Осы категория бойынша: « Мемлекеттік органдарда жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыс өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы