374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыс өтті

  • 173
  • UPD: 23:35, 14.09.2018
Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыс өтті

Тіл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған байқауға 50-ге жуық маман қатысты.

Олар 5 топқа бөлініп, өз өнерлерін көрсетті. Жарысқа қатысушылар қазақ қаламгерлерінің шығармаларынан үзінді қойып, жыр сайысында бақтарын сынады. Ақтық сынға жолдама алғандардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған бұл байқауға белгілі ақын-жазушылар қазылық етті.

Саян Ахметжанов, ҚР МҚСЖҚ іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы:

- Бізде орыс ұлтынан, басқа да ұлттардың өкілдері бар. Олар біздің негізгі қызметкерлеріміз. Ұлттық бюроның офицерлері. Сол себептен барлығы тегіс қатысып жатыр.

Осы категория бойынша: « Алматыда «Almaty Garden Show-2018» бау-бақша фестивалі ашылды Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді  »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы