374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасынан «Таңғажайып әлем» атты деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

  • 253
  • UPD: 19:45, 15.09.2018

Жаңа маусымда «Хабар» арнасының көрерменге ұсынар тағы бір жаңалығы бар.

Осы демалыс күндері «Хабардың» эфирінде «Таңғажайып әлем» атты ғылыми деректі фильмдердің циклы жарық көреді. Назарбаев университетінің студенттері деректі фильмдер топтамасының алдын ала көрсетілімін тамашалады. Атақты режиссер Даррен Ароновскийдің туындысы бұған дейін ешбір отандық арнада көрсетілген емес. Фильмнің жүргізушісі көпке танымал актер Уилл Смит. Деректі сериалдың мазмұнына қысқаша тоқталсақ. Жобаның әр санында Жер планетасының біз білмейтін құпиялары ашылып, қазіргі ғалымдардың соңғы ғылыми жаңалықтары жөнінде баяндалады. 12 сериялы фильм қазақ тілді көрермен үшін тың ақпарат пен сапалы бейне кадрлар ұсынады. Деректі фильмдер топтамасы мұнымен аяқталмайды. Жуырда «Хабар» арнасынан  «Жаратылыс. Адамзат тарихына саяхат» және «Марс» атты туындыларды көре аласыздар.

Айкүміс Сексенбаева, «Хабар» арнасының бағдарламалық директоры: 

- Бұл деректі фильмдер қазақ тілінде сапасы жоғары контентті көретін сондай контентті көретін көрерменге қызық болады деп ойлаймыз. Өйткені басқа арналарда, интернетте ондай контент аз. Сондықтан біз National Geographic және басқа да атақты кинокомпаниялармен бірігіп, сол контентті іздеуге атсалыстық. Сол контентті іздеуге көп уақыт бөлдік.

Осы категория бойынша: « Дрондарға қатысты бақылау күшейтіледі Елордада қыз балалар дәстүріміз бойынша мейман күтуден сабақ алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы