365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қыз балалар дәстүріміз бойынша мейман күтуден сабақ алды

  • 467
  • UPD: 22:07, 15.09.2018

Қазақтың табақ тарту дәстүрі қандай? Құрақ құрап, көрпе жасау өнері ұмыт қалған жоқ па? Жалпы қазіргі жас ұрпақ ұлттық салт-дәстүрді қаншалықты біледі?

«Қазақ қызы» институты халқымыздың әдет-ғұрпын дәріптеу мақсатында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап, шеберлік сабағын өткізді. 

Бұл жерде қыздарды ұлттық салт-дәстүрді аспаздыққа, қолөнерге, үстел мәзірін жасауға үйретеді. Ең бастысы, қазақ қызы деген атқа сай инабатты болуға тәрбиелейді. Осы жолғы шеберлік сағаты қонақ күтуге арналды. 

Дайындалған дәмнен осы шараға келгендердің  барлығы ауыз тиді. Қазақта әр қонаққа табақ тартудың өзіндік жөн-жоралғысы бар. Оны әрбір қазақ қызы білуге міндетті.  Сыйлы мейманға қазан көтеріп, ет асу, әсіресе табақ тарту бір өнер. Мәселен, бас пен жамбасты ортан жілік пен омыртқаны, асықты жілікті табаққа салғанда оның өзіндік тәртібі мен ретін сақтаған жөн. Мұны естігенде шетелдіктер таңданысын жасырмады.

- Ұлттық салт-дәстүрден ажырамау, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу сіздердің халық үшін өте маңызды екенін байқадым. Оған осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар куә. Олардың осында алған тәлім-тәрбиесі болашақта қажеттеріне жарайды. 

Қазақ халқында бұрымды қыздар  сұлулықтың символы саналған. Бағзыдан шашты тобығына дейін жеткізе өсіру — бойжеткеннің сымбатын асыра түскен. Әйелдің көркі мен күші осы шашында деп есептелген. Оқу орны осы шаш өсіруді сәнге айналдыруды мақсат етіп отыр. Оны ата-аналар мен қыздар арасында  кеңінен насихаттауды бастап кетті. Сондай-ақ, шара барысында құлақ тесу рәсімі де көрсетілді.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Институт балалар үйлері мен әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді.  Міне, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бірнеше қыздың құлағын тесіп сырға салды. Құлақ тесуде де үлкен тәрбие жатқанын білесіздер.  Мен осы қызғалдақтардың болашақта өмірлері жарқын болуына тілектеспін. 

Мұнда жастайынан салт дәсүрді ғана үйретіп қоймай, бойды  жат әдеттерден аулақ ұстауға кеңес береді. Жан сұлулығына көңіл бөлуге  шақырады. Бүгінгі ару – ертеңгі ана.  Ал ана деген ұлы ұғым. Міне сол себепті институт инабатты қыз балаға керекті қасиеттерді сіңіруге тырысады.

Осы категория бойынша: « «Хабар» арнасынан «Таңғажайып әлем» атты деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі Бақыт Сұлтанов елорданың жылыту маусымына дайындығын тексерді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы