374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында екі елді мекенге газ құбыры тартылады

  • 154
  • UPD: 07:53, 16.09.2018

Биыл Қостанай облысында тағы да екі елді мекенге газ құбыры жүргізіледі.

Аманқарағай ауылы мен Әулиекөл кентіндегі газ тарату желілерінің құрылысын екі жылда аяқтау көзделген. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд теңге. Соңғы үш жылда өңірде ауылдарды газдандыру қарқынды жүріп жатыр. 2016-2017 жылдары Қостанай облысында 6 елді мекенге көгілдір отын жетті.

Данияр Бабенов, облыстық энергетика және ТШК басқармасы басшысының орынбасары:

- Жоба бойынша газ құбырын жерүсті және жерасты арқылы тарту қарастырылған. Аманқарағайға ұзындығы 100 шақырымға жуық, Әулиекөлге 123 шақырым құбыр жүргізіледі. Жоба толық аяқталған уақытта 20 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады.

Осы категория бойынша: « Елордада Алматы облысының жәрмеңкесі өтті Батысқазақстандық меценаттар 60-қа жуық жобаны жүзеге асырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы