365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батысқазақстандық меценаттар 60-қа жуық жобаны жүзеге асырды

  • 135
  • UPD: 09:14, 16.09.2018

Батыс Қазақстан облысында меценаттар «Туған жер» патриоттық бағдарламасы аясында 60 жобаны жүзеге асырды.

Атымтай жомарттар өз ауылдарының әлеуметтік нысандарын жөндеп берді, тұтас спорт кешендерін салды, көпірлер тұрғызды, музейлер мен тарихи орындарды жаңғыртуға атсалысты. Туған өлкені түлетуге жанашыр жандар тарапынан жұмсалған қаржының жалпы көлемі 2,5 миллиард теңге. Биыл жыл соңына дейін тағы 190 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мәселен Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылының тұрғындары өз күштерімен салған саябақ жастардың сүйікті орындарының біріне айналып үлгерді. Ауыл еңбеккерлерінің есімдері жазылған даңқ тақтасы, Тәуелсіздік монументі мен субұрқақ та бірлесіп атқарған ортақ жұмыстың жемісі. Ал шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер бірігіп салған «Жақсыбай-Еңбек» 9 шақырымдық автожолы ауылдықтардың облыс орталығына тез жетуіне мүмкіндік бермек.

Елеусін Тілебалиев, Жақсыбай ауылының тұрғыны:

- Бұл жол біздің көптен келе жатқан көкейіміздегі арман еді. Облысқа қатынасу жөнінде көптеген қиындықтар кездесіп жүрді. Облысқа қатынау  үшін біз қыс айларында мынау Жәнібекпен жүреміз, 200 шақырым артық жүреміз. Өзіміздің техникаларды қосып, жанар-жағармаймен қамтамсыз етіп, көмекші трактористер қосып, осы жолды салуға бәріміз де атсалыстық.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында екі елді мекенге газ құбыры тартылады Төле би ауданындағы жиһаз шығаратын цех өнім түрлерін көбейтпек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы