365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайда алғашқы аквапарк салынады

  • 123
  • UPD: 12:52, 16.09.2018

Бурабайда алғаш рет аквапарк салынады. Ол үшін курортты аймақтағы көл жағасынан 1 гектар жер телімі бөлініпті.

Құны 150 млн теңге тұратын жобаны жергілікті кәсіпкерлердің бірі қолға алған. Ал мұндай аквапарк Бурабайда бұрын-соңды болмаған. Алғашында ашық аспан астында жұмыс істегенімен, кейін төбесі жабылып, жабық аквапаркке айналады деп күтілуде. Алдағы уақытта осындай демалыс орындарының қатары одан әрі көбеюі мүмкін, - дейді мамандар. Жалпы соңғы жылдары Бурабайда туристік нысандар көптеп тұрғызылуда. Айталық, келесі жылы орталықтағы Кенесары көшесінен тағы 4 қонақүй салынады деп жоспарланып отыр.

Ержан Қапезов, Бурабай аудандық туризм бөлімінің жетекшісі:

- Мердігер қазірдің өзінде аквапаркке қажетті қондырғыларға тапсырыс беріп қойды. Құрылыс алдағы жылы басталып, нысан жазға қарай пайдалануға беріледі. Аквапарк үш бөліктен тұратын болады. Туристерге ұнайды деп үміттенеміз.

Осы категория бойынша: « Төле би ауданындағы жиһаз шығаратын цех өнім түрлерін көбейтпек Қарағандыда барлық Карлаг құжаттарының электрондық нұсқасы жасалмақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы