389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда әскерилерге баспана беріледі

  • 574
  • UPD: 10:55, 17.09.2018

Қазақ елінің Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің бір кепілі оның Қарулы күштері. Ал осы салада талмай еңбек етіп жүрген әскери қызметкердің әлеуметтік жағдайы қандай?

Мәселен Атырау облысындағы әскери қызметкерлердің 50 пайызында жеке баспана жоқ. Бұл мәселені түбегейлі шешудің қандай жолдары қарастырылған? 

Оразбай Әнуарұлы жергілікті әскери органдардың бірінде қызмет етеді. Екі баланың әкесі. Жас отбасы пәтер тапшылығын сезініп жүрген. Енді бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар. Мемлекет тарапынан әскери қызметкерлер үшін арнайы төмен пайызбен ипотекалық несие беріледі. Осыған көп ұміт артып отырған Оразбай алғашқы жарнасын жинап, құжаттарын рәсімдеп қойыпты.      

Оразбай Татаханов, әскери қызметкер:

- Біздің елімізде әскерилерге жеңілдік пайда болды «Военный продукт» деген. Сол маған да, әріптестеріме де баспаналы болуға мүмкіндік беріп тұр. Қазір әріптестерімнің 50 пайызы документтерін тапсырып үлгерді. Мен бүгін қалған документтерімді тапсырып енді күтудемін. Жақын уақытта баспаналы болатыныма сенімдімін. 

Әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы қалыпты болуы үшін мемлекет тарапынан басқа да жеңілдіктер қарастырылған.  Мәселен, қызметтік лауазымы мен еңбек өтілі, ерекше қызметтері үшін сыйақы төленеді. Жеке пәтері бар қызметкерлердің коммуналдық төлемақыларына да қосымша қаржы аударылады.

Алена Ватутина, Атырау облыстық Қорғаныс істері департаментінің заңгері:

- Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қамту жағына тоқталар болса пәтер жалдап жүрген мамандарға отбасындағы әр жан үшін 29 мың теңге төленеді. Сонымен қатар медициналық қызмет тегін, балалар мектепке дейінгі мекемелерге  кезексіз қабылданады. Қоғамдық көліктердегі жолақы, жылына бер рет теміржол ақысы да төленеді. 

Сонымен қатар азық-түлік пен киім-кешек те мемлекттен беріледі. Ал әскерилер үшін басты мәселе – баспана. Өйткені көп жағдайда банктер қосымша табыс көзі болмайтын әскери қызметкерлерден алғашқы жарнаны жоғары пайызда талап етіп, көбіне құжаттарын қабылдамайтын. Ал жаңа жоба бойынша енді барлық деңгейдегі әскери қызметкерлерге мүмкіндік беріліп отыр. Алдағы жылдары осының негізінде еліміз бойынша 60 мыңнан астам әскери қызметкер баспанамен қамтылмақ.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы