383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі ауа райы егін науқанына қалай әсер етпек?

  • 354
  • UPD: 09:42, 18.09.2018
Еліміздегі ауа райы егін науқанына қалай әсер етпек?

Жаз соңы жаңбырлы болғандықтан, бұлтты күндер қыркүйекте де жалғасады деп күтілген еді.

Алайда жиын-терім барысы әзірге ойдағыдай өтіп жатқан сыңайлы. Отандық синоптиктердің алдағы үш күнге жасаған болжамы да күздің алғашқы айы жайма шуақпен аяқталарын білдіретіндей.

Айнұр Қайынбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Еліміздің батысында жауын-шашын найзағаймен бірге болады және екпінді жел күтіледі. Ал еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында әлі де жылы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің бірқатар өңірінде, әсіресе Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны қарқын алғаны мәлім. Ал өзге аймақтардағы диқандар мен бағбандар үшін бұл мезгіл көкөніс пен жеміс-жидек өнімін жинау маусымы деп санайтыны анық.

БЛИЦ:

– Біз енді ырымға сенетін халықпыз ғой, айдың тұтылуы, мұсылман айдың тууы жақсы туып тұр. Соған қарағанда, қыркүйек айының аяғына дейін жылы болады.

– Менің ойымша, астық өнімін қазір жинап алу керек. Себебі солтүстікке жақын болғандықтан, суық жел келеді, ерте жинап алған дұрыс.

– Шаруалар үшін астық өнімін жинауға өте қолайлы кезең. Әзірше жауын-шашынның жоқтығын ескерсек, топырақ астындағы өнім дымқылданбай тұрғанда, теріп алған дұрыс деген пікірдемін. 

– 2018 жылғы күз қолайлы болып тұр. Диқандарға жақсы болды.

Хабар 24 телеарнасы