387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызға төмендеген

  • 472
  • UPD: 14:37, 18.09.2018

Отандық білім саласының ең маңызды мәселесі – еңбек нарығында маманға деген сұранысты арттыру.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында айтты. Министрлік мәліметіне сәйкес, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі соңғы үш жылда 3,8 пайызға төмендеген. Ал жұмысқа орналасу көрсеткіші 2012 жылдан бері 12 пайызға артқан. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы бойынша 26 оқу орнында бүгінде 12 жарым мың студент білім алып жатыр. «Бірақ аталған жоба жастардың жұмыспен қамтамасыз етуіне толық кепілдік бермей тұр», – дейді министр. Осыған байланысты өнеркәсіп саласы дамыған өңірлердің жастарын еңбек күші аз облыстарға жіберу көзделген. Сонымен қатар 460 колледжде дуальды білім беру бойынша 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысуда 31 мың студент білім алуда.

Хабар 24 телеарнасы