384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 370 мың тоннадан астам астық жиналды

  • 394
Ақтөбе облысында 370 мың тоннадан астам астық жиналды

Ақтөбе облысында астық қамбаға құйыла бастады.

Шамамен 368 мың гектар егіс шабылып, 370 мың тоннадан астам астық жиналды. Жалпы өңірде биыл 758 мың гектар алқапқа егін салынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 15 пайызға артық. Оның ішінде 443 мың гектары дәнді дақылдар болса, 258 мың гектар жерге мал азығы егілген. 50 мың гектар – майлы дақылдар. Биыл диқандар гектарынан 10,1 центнерден өнім жинауда. Әзірге 236 мың тонна бидай, 120 мың тоннадан астам арпа қамбаға құйылған. Ақтөбе облысының шаруаларын қолдауға үкіметтен 8 мың 500 тонна жанармай бөлінді. Әр литрінің құны – 162 теңге 6 тиын. Шенеуніктер егін орағы дер кезінде аяқталатынын айтады.

Диас Ерғалиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Бүгінгі күнге Темір, Ойыл аудандары бойынша және Ақтөбе қаласы бойынша жұмыстар аяқталды. Қалған аудандарда да аяқталуға жақындады. Жалпы егін жинау жұмыстары қыркүйек айының 25-не дейін аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы