384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда алаяқтар сотталды

  • 591
  • UPD: 15:23, 18.09.2018
Оралда алаяқтар сотталды xn--b1amnebsh.ru-an.info

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы атқарушылық өндірісті тексеру кезінде еңбекақы бойынша 8,4 миллион теңге көлеміндегі берешектің жалған екенін анықтады.

Заңға сәйкес, бірінші кезекте еңбекақы бойынша берешек өндіріледі. Осыны біле тұра жеке кәсіпкер С. кредитордың алдындағы міндеттерін орындамау және ақша қаражаттын жымқыру мақсатында Ж. заңгер ретінде 2011-2016 жылдары жұмыс жасағаны туралы жалған құжаттар жасап, сотта Ж. пайдасына еңбекақы бойынша берешекті өндіруге қол жеткізген. Апелляциялық сатыда сот актісі бұзылды. 2018 жылғы 23 тамызда С. және Ж. сотпен Қылмыстық Кодекстің ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталу және әділетсіз сот шешімін шығаруға әкеп соққан жалған дәлелдерді ұсыну секілді 2 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығын шектеліп, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы