377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Батыс-2018» стратегиялық жаттығуына 6 мыңға жуық әскери қызметкер тартылды

  • 1047
  • UPD: 18:10, 18.09.2018

Маңғыстау облысында басталған «Батыс-2018» стратегиялық кең ауқымды командалық-штабтық жаттығуына 6 мыңға жуық әскери қызметкер мен 1150 ұрыс техникасы жұмылдырылды.

Жаттығу Жаңаөзен қаласынан 25 шақырым жердегі жазық далада өткізілуде. Қазір мұнда құрлық, әуе қорғанысы мен әскери теңіз күштерінің барлық бөлімшелері өз мүмкіндіктерін көрсетіп жатыр. Қуатты қару-жарақпен жарақталған ауыр техникалардың бірнеше түрі, БТР, «Арлан», «Кобра» танкілері, әскери ұшақтар мен «Қазақстан» мен «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемелері де сынақтан өтуде. Жаттығу алаңына еліміздің оңтүстігі мен шығысынан да әскерилер келді. Қорғаныс министрлігінен бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Ұлттық Ұлан мен төтенше жағдайлар комитетінің жауынгерлері де қатысып жатыр. Еліміздің бүкіл қарулы күшін жинаған жаттығу 10 күнге жалғасады. 

Мұрат Майкеев, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:

- Ең басты мақсаты ол ұтқырлық, мобильділік. Армия бойынша Жоғары Бас Қолбасшының талабын орындау. Сондықтан біз батысқа әртүрлі әскерлерді, шұғыл әскери топтарды, техниканы жіберуді жүргізілеміз. Және олардың арасында өзара қарым-қатынас ұйымдастыру. Үшіншіден, біздің командирлерді осы Батыстың ұрыс майдан театрымен таныстыру.

Хабар 24 телеарнасы