389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шахтинскте көп пәтерлі үйдің қабырғасын бұзған кәсіпкерге айыппұл салынды

  • 488
  • UPD: 22:00, 18.09.2018

Шахтинск қаласындағы көп қабатты үйдің бірінші қабатындағы бөлмеаралық қабырғаны бұзған кәсіпкер айыппұл төлейді.

Өйткені құзырлы орындардан рұқсат алмай, өз бетімен әрекет еткен. Сөйтіп, бүкіл бір үйдің тұрғындарының басын қатерге байлады.

Бүгін үйдің ендігі жағдайы қандай болады деп қамыққан тұрғындардың шағымы бойынша зерттеу жүргізуге мамандар шақыртылды. 

Айнұр Абдиева, тілші:

- Үш бөлмелі пәтерді дүкенге айналдырған кәсіпкер тіреу қабырғасын бұзып тастаған, нәтижесінде екінші қабаттағы пәтердің едені 3 сантиметрге төмен түскен. Енді кәсіпкер құрылыс институттардың көмегімен жоба жасап, тіреу қабырғасын қайта тұрғызады.

Он жыл бойы үйдің комитет төрағасы болып келген Тамара Ковалевская тұрғындармен бірге дабыл қаққандардың бірі. Ол дүкен үстінде орналасқан пәтермен қоса жертөленің қабырғаларыда сыр бере бастағанын айтады.

Тамара Ковалевская, үй комитетінің төрайымы:

- Осыған дейін жертөленің төбесінде ешқандай тесік болмаған. Ол кәсіпкер қабырғаларды тисе бастағанда пайда болды. Енді қажетті тіреуіштер қоятын болып жатыр, барлығын дұрыс жасайды деген ойдамыз.

Шақыртылыған арнайы мамандар қабырғаның ережеге сай бұзылмағанын анықтағанымен, оның көпқабатты үйдің конструкциясына кері әсер етпейтінін мәлімдеді.

Жұмағұл Нұғұжинов Қазақстан көпсалалы қайта құру және даму институтының директоры:

- Біз үйді толық зерттеп шықтық, ешқандай ақау табылмады. Панельдерде бүлінбеген. Үй қисайған немесе қабырғалары жарылған емес. Негізінен конструкцияда қозғалыс болмаған. Болмайды да. Бірақ ереже бойынша тіреуіштер тұруы керек.

Ал тіреуіш қабырғаны рұқсатсыз бұзып, дүкенін кеңейткісі келген кәсіпкер органдардың рұсатын алу ойына келмегінін айтып ақталуда. Енді кәсіпкер айыппұлдан бөлек қабырғаны орнына қайта  тұрғызу үшін қомақты қаражат шығармақ.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы