386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда америкалық тұқымсепкіштер құрастырылып жатыр

  • 335
  • UPD: 10:01, 20.09.2018
Көкшетауда америкалық тұқымсепкіштер құрастырылып жатыр

Бұл іспен ауылшаруашылығы техникаларын шығаратын зауыт айналысады.

Тұқымсепкішті өндіріс ошағы мамыр айынан бастап құрастырып келеді. Қазірдің өзінде зауытта осындай 5 техника тұр. Ал биыл 20 шақты тұқымсепкіш шығару жоспарланған. Келешекте оны көрші елдерге де экспорттау көзделіп отыр.

Айта кеткен жөн, бұл зауытта қазір 100 адам еңбек етеді. Жылына бір жарым мыңға жуық түрлі ауылшаруашылығы техникаларын шығарады.

Олег Балыбин, зауыттың бас директоры:

- Біз осы техниканың шаруаларға қолжетімді болуы үшін «ҚазАгроҚаржы» корпорациясымен келісімшартқа отырып, тұқымсепкішті бөліп төлеуге беру жағын қарастырамыз. Себебі бұл техника диқандарға қажет. Өйткені өнімдігі өте жоғары. Адам күшін көп қажет етпейді. Әрі жанармайға да үнемді.

Хабар 24 телеарнасы