389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі қоғамдық көліктердің 80%-ы ескірген

  • 473
  • UPD: 12:17, 20.09.2018

Биыл қазақстандық машина жасаушыларды қолдау бағытында отандық автобустармен қамтамасыз ету жөнінде Үкімет кешенді бағдарлама қабылдаған болатын.

Бұл құжатқа сәйкес жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар жеңілдетілген несиемен Қазақстанда жасалған автобустарды ала алады. Қазір Семейдегі автобус құрастыру зауыты осы бағдарламаға сәйкес Атырау қаласына 120 автобус жөнелткелі жатыр. Болашақта жаңадан 30 жұмыс орны ашылып, кәсіпорын келесі жылы 500 автобус құрастыруды жоспарлап отыр.

Әсемхан Досқожанов, Семей автобус құрастыру зауытының бас директоры:

- Темірден бастап, кузовын бәрін өзіміз жасаймыз. Сонда автобус ақшасының 100%-ының 40%өзімізде Қазақстанда қалады. Сол үшін қазір Семей қаласымен келісімге келіп жатырмыз. Семей қаласы 160 автобус алады. Енді Ақтау қаласы бар, Петропавл бәрімен қазір сөйлесіп жатырмыз. Болашақта сол жақтың бәрінде біздің автобустар жүреді.

Хабар 24 телеарнасы