386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір жылда 5 мың адам. Алматыда жұмыссыздар саны артты

  • 527
  • UPD: 12:18, 20.09.2018

Алматыда жұмыссыздық деңгейінің жалпы көрсеткіші 5,2%-ды құрайды.

Өткен жылғымен салыстырғанда жұмыссыз деп тіркелгендер саны бір жылда 5 мың адамға ұлғайған. Қалалық жұмыспен қамту басқармасы жүргізген жеке тұлғалардың әлеуметтік дәрежесін анықтау мен тіркеу жұмыстарының нәтижесінде 111 мың адамның әлеуметік дәрежесі нақтыланды. Бұл шара жұмыссыз деп танылған немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған және бейресми еңбек ететіндерге біріңғай жалпыға ортақ төлем енгізу үшін қажет. Алайда тұрғындар тарапынан түсінбеушілік те бар. Мысалы құрылыс, сауда мен өзге де қызмет көрсету салаларында еңбек ететіндер ресми мекемеге тіркелмейді. Сондай ақ олар көп жағдайда жұмыс берушімен еңбек келісімшартын да жасамайды. Соның салдарынан ол азаматтарды заңмен қорғау қиындық туғызады. Біріңғай жалпыға ортақ төлем көлемі 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ол жылына бір рет төленеді. Сол арқылы әлеуметік дәрежесін анықтап, тіркегендер міндетті медициналық әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Мейіржан Отыншиев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Тіркелмегендердің саны жалпы статусы жоқтар бойынша 20,6 мың адамды құрайды. Бұларды біз қабылданған мемлекеттік бағдарлама бар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасына сәйкес оларды біз нәтижелі жұмыспен қамтуға тартып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы