389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық клиникаларға жыл басынан бері 63 млрд теңге төленді

  • 406
  • UPD: 12:21, 20.09.2018
Алматылық клиникаларға жыл басынан бері 63 млрд теңге төленді

Медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері Алматыдағы медицина ұйымдарына 63 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Аталған қаражат оңтүстік астана тұрғындарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде қызмет көрсеткен клиникаларға берілді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, Алматы филиалы мемлекеттік тапсырысты орындауға ниет білдірген жергілікті медицина ұйымдарымен келісімшарт бекіткен болатын. Келісімшарттардың жалпы құны 101,6 млрд теңгеден асып жығылады. «Бүгінгі күнге дейін осы соманың 62%-ы төленіп бітті», - дейді филиал директоры.

Бүгінде Алматы қаласы бойынша 172 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Оның 82-сі - жеке меншік клиникалар. Олардың тізімімен қордың fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімі арқылы танысуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы 1365 медицина ұйымы Қормен мемлекеттік тапсырысты орындау туралы келісімшарт бекіткен.

Хабар 24 телеарнасы