384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көмір тапшылығы шығысқазақстандықтарды алаңдатып отыр

  • 544
  • UPD: 17:11, 20.09.2018
Көмір тапшылығы шығысқазақстандықтарды алаңдатып отыр

Шығыс Қазақстан облысында қазірдің өзінде көмірге талас басталды.

Басты себеп – вагон тапшылығы. Осының кесірінен алыс аудандарды айтпағанда, Өскемен мен Семейдегі жеке тұрғындар әлі көмір алмаған. Бүгінде аймақтағы білім мен денсаулық саласындағы мекемелердің 60 пайыздан астамына ғана көмір жеткізілген. Облыс басшылығы аудан әкімдері мен коммуналдық салаға жауапты басқарма жетекшілеріне мәселені ушықтырмай, тез арада шешуді міндеттеді. Жалпы алдағы қыстан облыс халқы қиналмай шығу үшін 1 миллион 21 мың тонна көмір қажет.

Олег Чернышов, облыстық мәслихат депутаты:

– Барлық мәселе тасымалда, яғни логистикада болып тұр. Көмір тиелген вагондар баратын жеріне жеткен соң, ол түсірілмей апталап, тіпті айлап тұрады екен. Мүлде түсініксіз. Вогонды иеленіп отырған кәсіпкерлер неге осы мәселеге ойланбайды. Олар да қыруар қаражаттан қағылып отыр ғой. Сондықтан көмір тасымалындағы бұл мәселені дереу шешпесе, жағдай ушыға береді.

Хабар 24 телеарнасы