386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шіліктіден табылған «алтын адамның» көшірмесі жасалды

  • 1066
Шіліктіден табылған «алтын адамның» көшірмесі жасалды

Семейде Шіліктіден табылған «алтын адамның» көшірмесі пайда болды.

Оны суретші-реставратор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері әрі академигі Алтынбек Қырым жарты жыл бойы қалпына келтірумен айналысты. Бүгін өлкетану музейінде бірегей экспонаттың тұсаукесері өтті. Жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген костюм 4 мың алтын жалатылған бұйымнан жасалған. Естеріңізге сала кетсек, Шіліктідегі «алтын адам» 2004 жылы табылған болатын. Оның жерлеу мерзімі біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырға жатады. Демек Шіліктіден табылған «алтын адам» Есіктегіден 400 жылға үлкен.

Ләззат Әлжан, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары

– Әрине, бұл өте біз үшін тарихи маңызды оқиға деп айтуға болады. Өйткені «алтын адамның» тарихын семейліктерге, жерлестерімізге, қала қонақтарына, өскелең ұрпаққа таныстыру – міндетіміз. Өйткені бұл – қазақтың тарихы. Сондықтан қазақтың тарихын білу, оны жастарға үйрету – біздің парызымыз.

Хабар 24 телеарнасы