389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде 27 мың ада жұмыспен қамтылды

  • 565
  • UPD: 17:45, 23.09.2018

Қызылорда облысы бойынша жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатары екі есеге дейін азайды.

Жыл басында бұл сан 97 мыңнан асып жығылған. Соңғы 9 айда 27 мың 608 адам екі қолға бір күрек ұстады. Солардың бірі – Нұржан Байжігітов. Ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын ол жақында отбасылық кәсіпті жолға қойды. Бизнес жобалар байқауына қатысып, қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Қомақты қаржыға ағаш бетіне өрнек салатын құрылғы сатып алған ол, арнайы цех ашты. Оның өнімдеріне соңғы уақытта сұраныс арта түскен. Тіпті бірнеше халықаралық және республикалық байқауларға да қатысып үлгеріпті.

Нұржан Байжігітов, жеке кәсіпкер:

– Біз ұлттық нақышта бұйымдар жасаймыз. Киіз үйлердің және Қызылорда облысының көрікті жерлері мен әйгілі Қорқыт ата кесенесінің макетін жасадық. Сол заттар ЕХРО-да, осы қаламызда бірнеше орталықтарда сатылды және де өнер арбатында өз бағамызбен сатамыз.

Жанар Дәулетбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

– Облыста жұмыспен қамтудың кешенді жоспары қабылданған болатын. Кешенді жоспар аясында облыс бойынша 39 мың 625 адамды жұмыспен қамту белгіленген. Оның ішінде 6998 азаматты ашылатын жаңа жобаларға жұмысқа орналастыратын болдық. Жыл сайын босап келетін жұмыс орындарына 11 мыңнан астам азаматты және қалған 20 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту көзделген.

Хабар 24 телеарнасы