385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2030 жылға дейін Ақтөбе облысының 96%-ы газбен қамтамасыз етілмек

  • 360
  • UPD: 21:51, 24.09.2018
2030 жылға дейін Ақтөбе облысының 96%-ы газбен қамтамасыз етілмек ru.armeniasputnik.am

Ақтөбе облысында соңғы үш жылда 3 аудан орталығы мен 7 елді мекенге газ жеткізілген.

Сөйтіп 30 мың адам көгілдір отын жүйесіне қосылып үлгерді. Ондағы жаңа станцияның елімізде әзірге баламасы жоқ. Орталық табиғи газды Қобда, Мәртөк, Алға және Қарғалы сияқты жақын аудандарға да жеткізеді. Аймақтағы монополист компания 2015-2017 жылдары газ тарту жұмыстарымен қатар тозығы жеткен ескі құбырларды сапалы полиэтилен құбырларымен алмастырған. Компания 2030 жылға дейін облыс тұрғындарының 96%-ын көгілдір отынмен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Шалқар Омарбеков, газбен қамту компаниясының облыстық филиалының директоры:

- Бұл дегеніміз – газ жүйесіне қосылуға 30 мың адамға мүмкіндік берді. Жаңағы 3 аудан қосылып, абоненттер өскен сайын өзіміздің желілерді жаңғыртып тұруға инвестициялық бағдарлама осындай мүмкіндік беріп отыр. Алға ауданындағы Илинка ауылында 13 шақырым жаңа желі салынатын болады. Ол 2018 жылдың аяғына дейін іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы