387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұқараны газбен қамтуда әзірге Маңғыстау облысы көш бастап тұр

  • 357
  • UPD: 21:54, 24.09.2018
Бұқараны газбен қамтуда әзірге Маңғыстау облысы көш бастап тұр Elana.kz

Бұқараны газбен қамтуда әзірге Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Ондағы тұрғындардың 99%ы көгілдір отынға қол жеткізген. Атыраулықтардың да жағдайы тәуір. Ал шығыстағы тұрғындарды газбен қамту ісі мардымсыз. Ондағы жұрттың тек 0,2%-ы ғана көгілдір отын тұтынады. Қалғаны көмір жағуға мәжбүр. Елдің орталық бөлігінде тұратындар да газға зәру. Мемлекет көлеңкеде жатқан осы мәселелерді күнгейге шығару үшін «Сарыарқа» магистральді газ құбырын жүргізу туралы шешім қабылдаған еді. Жоспар бойынша алдымен Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Астана қалаларына көгілдір отын жетеді. Бұл жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеге бағаланған. Егер жоспар жүзеге асса, 2 млн 700 мың отандасымыз газ тұтынатын болады. Жобаның келесі кезеңінде Көкшетау мен Петропавл тұрғындарына газ жеткізу жоспарда.

Хабар 24 телеарнасы