389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ұлы дала eліне саяхат» экспедициясы Таразға жетті

  • 443
  • UPD: 22:13, 24.09.2018
«Ұлы дала eліне саяхат» экспедициясы Таразға жетті

«Ұлы дала eліне саяхат» жобасы бойынша жолға шыққан экспедиция «Жаңа Жібек жолы» бағытымен Тараз қаласына жетті.

Жоба қатысушылары тәжірибелі саяхатшылар, туроператор өкілдері мен шетелдік және қазақстандық трэвел-блогерлерден құралған. Экспедиция Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы тарихи маңызды нысандарды 13 күнде аралап шықпақ. Мақсат – табиғи, тарихи, киелі мекендерді зерттеп, туристердің қызығушылығын тудыру. Жоба аясында еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар құрылып, қазіргі жай-күйі жөнінде ақпараттар мен арнайы жолнұсқа әзірленбек. Тараздың көрікті жерлерін тамашалап болған соң экспедиция Жамбыл мен Түркістан облыстарының аумағындағы Орта Азия мен Қазақстандағы байырғы қорықтардың бірі Ақсу-Жабағылыға бет алады.

Нұржан Алғашов, «Жаңа жібек жолы» экспедициясының жетекшісі:

- Жоспар бойынша 20-дан астам объектілерді қараймыз, қазір біз 7 күн бойы Алматы облысын араладық, Жамбыл облысына келіп тұрмыз, негізі кеше келгенбіз Меркі қаласына. Жамбыл облысында Ақыртас қалашығын қарадық. Көне Тараз, содан кейін Айша бибі мен Қарахан мавзолейлерін аралаймыз.

Хабар 24 телеарнасы