387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда мемлекеттік қызметкерлер саны қысқаруы мүмкін

  • 430
  • UPD: 08:54, 25.09.2018

Қазір елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландырып, оның тиімділігін арттыру мақсатында пилоттық жоба қолға алынып отыр.

Алғаш Астана мен Маңғыстау облысында енгізілген жаңа өзгерістер өз тиімділігін көрсетті. Бұл туралы Қостанайда өткен актив мәжілісінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді. Оңтайландыру нәтижесінде Маңғыстау өңірінде жарты жылдың ішінде бос қызмет орындарының саны екі есеге, ауылды аймақтарда төрт есеге дейін қысқарған. Соның есебінен және балдық бағалау жүйесінің енгізілуімен, әкімдік қызметкерлерінің еңбекақысы 86 пайызға өскен. Ал Қостанайда екі атқарушы қызметкерге бір басшыдан келеді екен. Енді сол мемлекеттік органдардағы басқарушыларды азайтып, керісінше, орындаушыларды көбейту міндеті тұр.

Саян Ахметжанов, МҚІСЖҚІА аппарат басшысы:

– Бір атқарушы қызметкерге 5-6 басшылық атқарушы лауазым бар. Оның қандай қажеттілігі бар. Мысалы, бір департамент, оның ішінде бөлім бар, басқарма бар, басқарманың орынбасары бар. Мемлекеттік процестерді оңтайландырып, пилоттың қорытындысы бойынша жаңа өзгерістер енгіземіз. Мемлекеттік қызметкерлердің тізімі де өзгереді, лауазымының салмағына сай жалақысы көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы