389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұрланған ұялы телефон енді оңай табылады

  • 765
  • UPD: 20:04, 25.09.2018
Ұрланған ұялы телефон енді оңай табылады

Салалық министрлік арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қалмұханбет Қасымов осындай жаңалықпен бөлісті. Ішкі істер министрі: «ел аумағында қолды болған телефондардың ары кетсе 10-15 проценті ғана шетел асады», – дейді. Қалғаны қолдан қолға өтіп, республика аумағында қалады. Соларды бағдарлама арқылы дереу тауып алуға болады. Тек ұрланған аппарат қосылса болғаны. Жаңа бағдарламаны әзірлеуде шетелдің озық тәжірибелері ескерілген.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қазақстан аумағында ұрланған ұялы телефонды қосқан ұрының немесе өзге пайдаланушының орналасқан жері бірден анықталады. Көбіне қолды болған смартфондардың көршілес елдерге тасымалданатыны да сондықтан. Біз осыны біліп, шетелдік әріптестермен өзара әрекеттесу шараларын қабылдап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы