386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана полициясы бесжұлдызды қонақ үйге көшеді

  • 499
  • UPD: 19:40, 25.09.2018
Астана полициясы бесжұлдызды қонақ үйге көшеді

Астаналық полицейлер бесжұлдызды қонақ үйге жайғасып жатыр.

Дәлірек айтқанда, елордалық тәртіп сақшылары бұрынғы «Рамада Плаза» мейманханасына көшпек. Бұдан былай бұл жерде бас қаланың Ішкі істер департаменті мен Байқоңыр ауданы ішкі істер басқармасы орналасады. Бүгін бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Бүгін элиталы отельді қалалық әкімдіктің меншігіне беру туралы қаулы шыққан болатын. Артынша әкімдік бұл ғимаратты құқық қорғаушыларға тапсыруды шешті.

Хабар 24 телеарнасы