389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі қант қорлары 10 878 тоннаға толығуы қажет

  • 753
  • UPD: 20:03, 25.09.2018
Елдегі қант қорлары 10 878 тоннаға толығуы қажет

Елде қант тапшылығы бола қалса, қажетті мөлшері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінеді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей, Беларусь және қырғызстандық өндірушілермен келісім бекіткен. Жергілікті әкімдіктер де қамдануы тиіс. Олар тұрақтандыру қорларына кемінде 11 мың тонна қант жинап қоюға міндеттелді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев хабарлады. Қазір Алматы, Ақтөбе және Түркістан облыстарына қажет қанттың көлемі мың тоннадан асып отыр.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жалпы келісім бойынша облыстардың 10 878 тонна қант алуға мүмкіншіліктері бар. Оның ішінде Ақмола облысы – 443 тонна, Ақтөбе облысы – 1500 тонна, Алматы облысы – 1200 тонна, Астана қаласы – 574 тонна, Алматы қаласы – 1500 тонна.

Хабар 24 телеарнасы