386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana APEX американдық қауымдастығының жоғары бағасын алды

  • 398
Air Astana APEX американдық қауымдастығының жоғары бағасын алды aviatravel.kg

APEX (Airline Passenger Experience Association) американдық қауымдастығы Air Astana әуекомпаниясына «Ірі аймақтық әуекомпаниялар» номинациясы бойынша 5 жұлдызды рейтингін берді. Жеңімпаздар Бостонда 24 қыркүйекте марапаттау рәсімінде жарияланған.

Әуекомпаниялар рейтингі авиатасымалдаушылардың онлайн пікірлері негізінде қалыптасады. 500 әлемнің әуекомпанияларының миллионнан астам рейстері 5 санат бойынша бағаланады: креслолардың жайлылығы, борттық қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен wi-fi қызметі.

APEX дүние жүзі бойынша жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін бағалайтын еуропалық Skytrax агенттігінің американдық аналогы. Рейтинг авиациядағы ең беделді және мәртебелі болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы