386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 6 мың тұрғын емдеу нысандарының қызметін пайдалану құқығына ие болды

  • 512
БҚО-да 6 мың тұрғын емдеу нысандарының қызметін пайдалану құқығына ие болды

Елімізде тұрғындарды өз таңдаулары негізінде емханаларға тіркеу шарасы қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында 6 мыңдай тұрғын емдеу нысандарының қызметін пайдалану құқығына ие болды. Медициналық сақтандыру қорының филиалы аймақтағы 50 емдеу нысанымен келісімшарт жасасқан. Алғашқы медициналық көмек көрсететін 25 жеке клиника да бар. Мамандар тұрғындарға барынша қолайлы болуы үшін өздері тұратын аумақтағы емхананы таңдауға кеңес береді. Шараның тағы бір мақсаты – жалпы тәжірибе дәрігерлерінің жүктемесін азайту. Ендігі жерде мұндай бір маман ең көбі 1 мың 700 адамға ғана қызмет көрсететін болады. Осылайша, ұзақ-сонар кезектер азайып, медициналық қызмет нарығы кеңейе түспек.

Әсем Сақыпкерей, №6 қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі:

– 15 қыркүйектен бастап 500 мыңдай тұрғын тіркелген болатын және айта кетерлігі, біз тіркелген адамдарға жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетеміз. Бұл тіркелген адамға тегін түрде, ал жедел медициналық көмек тіркелмеген адамдарға да көрсетіледі, бірақ жоспарлы қызмет үйден көрсетілу мәселесі ол кезде жойылады.

Қуаныш Сансызбаев, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚФ бөлім басшысы:

– Облысымыздағы мекеменің тізімі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында орналасқан. Яғни халқымыз сол сайтты қарап, қандай медициналық ұйымдарға тіркелу жүргізіліп жатқанын қарауға мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы