388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да археологиялық зерттеу жұмыстарына жаңа технология енгізілді

  • 686
  • UPD: 15:53, 28.09.2018

Шығыс Қазақстан облысындағы ғалымдар археологиялық зерттеу жұмыстарына да жаңа технология енгізді.

Олар көне қорғандарды қазбас бұрын оны сканерлеп алады. Георадар аппараты арқылы жер астында тарихи жәдігер бар ма, жоқ па нақты көз жеткізеді.

Бұрын архелогтар күрек-сайман арқалап жүрсе, енді ноутбукке қосылған радарға көшті. Қазба жұмыстарын бастамас бұрын сол жердің астын сканерден өткізіп, зерттеп алады. Бұрын қазылатын қорғандарды анықтаудың өзіне бірнеше ай, тіпті жарты жыл уақыт кететін. Енді электрондық радардың арқасында 25 метр тереңдікте жатқан затты 2-3 сағаттың ішінде анықтайды.

Андрей Бубняк, геология ғылымдарының кандидаты:

– Бұл аппараттың арқасында жер астын зерттеуде өте тез ақпарат аламыз. Ал археология саласында бұл күрделі әрі қиын құрылғыны еліміз бойынша біз бірінші рет қолдануға көштік. Мұның темір іздейтін аппараттан айырмашылығы, тереңдегі затты көрсетеді.

Ғалымдар екі күнде Шілікті жазығында сақ дәуіріне жататын екі қорғанды сканерден өткізген. Нәтижесінде екеуіне де болашақта археологиялық зерттеу жүргізуге болатынына көз жеткізді. Ал биыл жазда осы Елеке сазынан отандық археологтар Қазақстан бойынша 4 алтын адамды тапқан.

Андрей Охотенко, мультифизика зертхана меңгерушісі:

– Археологтардың жұмысы тиімді болу үшін пайдасы ұшан теңіз. Яғни бұл радардың көмегімен қазба жұмыстарын 50 пайызға жеңілдетіп және оның өте нәтижелі боларына кепілдік беруге болады.

Сканер-радардың тағы басқа да ерекшеліктеріне ғалымдар келер жылы археологиялық зерттеу басталғанда, көз жетізбек. Ал шығыста алдағы жылы Берел қорғандарында қазба жұмыстары қайта жалғаспақ. Аймақта сол кезде табылған көне жәдігерлерді зерттейтін арнайы зертхана ашылатын болады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы