378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашылуы мүмкін

  • 566
  • UPD: 18:00, 28.09.2018
Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қалаларына тікелей әуе рейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осы жұмыс аясында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінде (Вашингтон қаласында) екі тараптардың қатысуымен келіссөздер өткізілді.

Келіссөздер барысында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ оны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы