378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі кез келген заңнама қатаң сараптамадан өтуі тиіс

  • 751
  • UPD: 21:27, 30.09.2018

Еліміздегі кез келген заңнама қайта қаралып, қатаң сараптамадан өтуі тиіс.

Әсіресе, олардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты тармақтары мұқият зерделенуі қажет. Бұл жөнінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының өкілдері мәлімдеді. Соңғы төрт жылда Парламент қарауына ұсынылатын заң жобаларының сапасы төмендеп кеткен. Бұл мәселе жуырда Сенаттың кезекті отырысында да көтерілген еді. Жалпы заңнамаларды сараптамадан өткізу талабы 2014 жылға дейін міндетті болатын. Алайда сол жылы ол «Нормативтік құқықтық актілері туралы» заңның 22-бабынан алынып тасталған. Уақыт пен тәжірибе бұл шешімнің қате болғандығын көрсетті. Ал заңнамаларды қайта сараптамадан өткізу сыбайлас жемқорлықты алдын алуға тікелей әсер етпек.

Оралбай Әбдікәрімов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғаласы» РҚБ төрағасы:

- Айтайық мына Ресейде, Молдовада осындай сараптама жөнінде әдейі заң қабылданған. Қазақстан да сондай заң қабылдау керек. Міндетті түрде әрбір заң жобасына, әрбір шешімдерге. Нормативті-құқықтық акті дейді. Үкіметтің қабылдаған шешімдеріне, билік орындарының қабылдаған шешімдері сондай сараптамадан өтуі керек. Сонда жемқорлық жолы біраз қысқарады деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы