389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аты аңызға айналған қазақстандық барлаушы 95 жасқа толды

  • 948
  • UPD: 10:52, 01.10.2018

Николай Задубровский – көзі тірісінде аты аңызға айналған адам. Бүгінде қарт майдангер 95 жасқа толып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Николай Задубровский, ішкі барлау қызметінің ардагері:

– Өмірімде бір рет қана ұсталып қалуға шақ қалдым. Бұл 1962 жылы болатын. Берлин қаласының франциялық секторында 4 адам бізді қолға түсірудің жоспарын құрып тұр екен. Әріптесім Алексей екеуміз оны алдын ала сезіп, есіктен шыға бере, сол қапталға жүгірдік. Шпрейн жағалауларын қосып тұрған көпірден өтіп, теміржол вокзалына тарттық. Шамамен 150-200 метр қалғанда, бар күшімізбен жүйткіп, қозғалып бара жатқан отарбаға секіріп үлердік.

Бұл кинодан үзінді емес. Шынайы өмір. Барлаушылардың беталды қашуы бекер емес екен. Қолға түссе, оңдырмайтын еді.

Николай Задубровский, ішкі барлау қызметінің ардагері:

– Олар тұтқынды ағаш орындыққа жатқызып, сулы орамалмен бүйрек пен арқасын ысқылайды. Бұл сәтте адам қалай есінен айырылғанын байқамай қалады.

Әккі барлаушы қолға түспеген. Есесіне өзі сияқты 19-ын ұстаған. Осыны ескерген басшылық оны бірнеше рет Мәскеуге қызметке шақырған. Бармапты.

Николай Задубровский, ішкі барлау қызметінің ардагері:

– Үш рет Мәскеуге шақырды. Жоғары лауазымдарды ұсынды. Барғым келмеді. Өйткені Қазақстан – менің туған жерім. Барлық туыстарым, достарым осында. Қимадым.

Біздің елде де мұндай азаматтарды ерекше қадір тұтады. Сырбар ішкі барлау қызметінің басшылығы ардагерге арнайы келіп, туған күнімен құттықтады. Ол 95-ке толып жатыр. Енді жүз жасауына тілектеспіз.

Авторлары: Асхат Ниязов, Ерлан Абжанов

Хабар 24 телеарнасы