387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұротандықтар елордадағы «Ардагер» орталығына барды

  • 451
  • UPD: 12:45, 01.10.2018

Елордада белсенді зейнеткерлерге арналған ойын-сауық орталығы ашылған болатын.

«Ардагер» деп аталатын мекемеге «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары барып, ондағы ақсақалдарды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап қайтты. Бір жыл бұрын партия осы мекеменің ашылуына үлкен қолдау көрсеткен еді. Бүгін міне, 45 зейнеткер орталыққа келіп, уақытын мәнді өткізеді. Онда қариялар би билеп, йогаға қатысып, түрлі семинар, тренингтерде білімдерін жетілдіре алады. Партия төрағасының бірінші орынбасарымен кездескен орталық басшысы енді осы мекемені барынша кеңейтуге көмек сұрады. Себебі мұнда келушілердің қатары күн санап өсіп келеді. Мәулен Әшімбаев аға буын өкілдерінен аянып қалмай, барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Баян Ахметжанова, «Ардагер» ҚҰ президенті:

– Біздің ендігі мақсатымыз – бұл мекеменің ауқымын кеңейтіп, елге таныту. Және әр өңірде қарияларға ермек болатындай, уақыттарын өздері үшін тиімді өткізетін орталық ашу.

Хабар 24 телеарнасы