387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО мектептерінде тамаққа талап күшейген

  • 722
  • UPD: 23:24, 01.10.2018
БҚО мектептерінде тамаққа талап күшейген

Батыс Қазақстан облысының мектептерінде де тағамның сапасына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын аймақ аудандарында оқушылардың астан улану деректері тіркелген еді. Бүгінде өңірдегі 381 білім ордасының шамамен 92 процентті шәкірттерін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасыларының балалары толықтай бюджет есебінен тамақтанады. Тамақтың бағасы орта есеппен 219 теңге. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары жыл басынан бері өңірдің білім беру ұйымдарында екі жүзге тарта тексеріс жүргізген.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Көбіне кездесетін кемшіліктер – асхана қызметкерлері медициналық тексерістен уақтылы өтпейді немесе уақыттары өтіп кеткен, ыдыс-аяқтардың сақталуы, тағам өнімдерін растайтын құжаттарының болмауы немесе уақыттары өтіп кеткен, сондай кемшіліктер бізде анықталып отырады.

Жадыра Қажиекова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Күні бүгін тамақтың сапасына өте көңіл бөлінеді, оның бір дәлелі әр ай сайын мониторинг жүргізіледі және тамақ ішетін балалардың санына, сапасына. Сонымен қатар, түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мектептерде қамқоршылық кеңестер бар ғой, сол кісілерде күнделікті беріліп жатқан тамақты қадағалауға мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы