388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: Кәсіби қауымдастықтың рөлі артады

  • 607
  • UPD: 23:24, 01.10.2018

Жаңа оқу жылы басталғалы мектептерде газдалған сусын мен кондитерлік өнімдерді сатуға қатысты оқиға тіркелген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Еске сала кетейік, биыл ведомство мектепте тамақтануға қатысты жаңа санитарлық ережелер мен нормалар тізімін енгізген. Осы стандарт бойынша білім ошақтарының асханасынан түрлі тәттілер мен газды сусындар мүлдем алынып тасталған. Бүгін осы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби қауымдастықтардың рөлін арттыру жөнінде жиын өткізді. Онда белгілі болғаны, 2020 жылға қарай Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар өкілеттігі кәсіби қауымдастықтарға берілмек.

Айгүл Қаптағаева, ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры:

- Әрбір кәсіби қауымдастық біздің саладағы құжаттарды қабылдауға және оны әзірлеуге қатысуы керек. Алдағы уақытта клиникалық хаттамаларды жасау, категорияларды тағайындау, жалпы медициналық тәжірибені енгізу, сондай-ақ сертификат пен лицензия беруді қауымдастықтың құзіретіне беру жағы қарастырылып жатыр. Олармен бірге заңнамалық және нормативтік актілерді бірлесіп талқылайтын боламыз. Бұл бәсекеге қабілеттілікті артырып, медициналық қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы