382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жазда ғана салынған жаңа жол қайта жөнделді

  • 364
Петропавлда жазда ғана салынған жаңа жол қайта жөнделді

Петропавл қаласындағы Жамбыл Жабаев көшесінде жүргізілген жұмыстар тұрғындардың көңілінен шықпай, қоғамның сын пікіріне ұшыраған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Артынан аумақты техникалық бақылау комиссиясы тексеріп, бірқатар кемшілік табылды. Бұл көшенің жолы ел қазынасынан бөлінген 420 млн теңгеге жөнделген еді. Оның сапасыз жерлерін мердігер ұйым өз қаржысына қалпына келтірді. 

Әсем Айтолова, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Бүгінгі таңда қала бойынша 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Қазіргі кезде жұмыстар 86 пайызға орындалды. Жұмыстар толық орындалғаннан кейін тағы да техникалық бақылау комиссиясы жолдардың сапасын қайта тексеретін болады.

Хабар 24 телеарнасы