384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қант қымбаттады

  • 454
  • UPD: 23:33, 02.10.2018
Шымкентте қант қымбаттады aif.ua

Шымкентте қант қымбаттаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір базарлар мен сауда нүктелерінде келісі 260 теңгеден сатылып жатыр. Кәсіпкерлік саласына жауапты мамандардың айтуынша, қант орталықтарынан бөлшек саудаға жіберілетін баға – 240 теңге. Бастапқы бағасы 192 теңгеден  247 теңгеге дейін өскен. Яғни 28,6%-ға артып отыр. Қалада қант бағасы көтерілгенмен, тапшылық жоқ. Сала мамандары күнделікті мониторинг жүргізеді. Ал бағаның құбылуын кәсіпкерлік басқармасы Жамбыл облысындағы екі қант зауытының уақытша жұмысын тоқтатқандығымен байланыстырады. Қазір бұл кәсіпорындар шикізат күтіп отыр. Жалпы шаһарда қантты тұтыну көлемі жылына 16 мың тонна шамасында. Мегаполисте сәбіздің бағасында да аздап өсім бар. Ал қалған азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты.

Қайрат Базарбеков, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а:

- Қант бағасы біршама өсіп отыр. Оның себептері, Тараз қаласындағы әріптестеріміз яғни Тараз, Меркі зауыттарының жаңа өнімді күтуіне байланысты уақытша тоқтауы себеп болып отыр. Қаладағы қант орталықтары, Ресей Федерациясы мен Қырғызстаннан қантты жеткізіп отыр. Ең бастысы қалада қант тапшылығы байқалмайды. Қант қала тұрғындарына қажетті мөлшерде жеткізіліп отыр. Ал жыл басынан осы кезге дейін, бағаның негізсіз өсу фактілері анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы