383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі енгізіледі

  • 731
  • UPD: 23:30, 02.10.2018

Оралда қоғамдық көліктерде сандық технологиялар кеңінен қолданылып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл күнделікті жолаушы тасымалдайтын 500 автобусқа «GPS-навигатор» орнатылды. Осы арқылы тұрғындар автобустардың қозғалысын ғаламтор арқылы бақылай алады. Оған қажетті «инфобас» қосымшасын 72 мың адам телефонына жүктеген. Бұдан бөлек 8 бағыттағы қоғамдық көлікте SMS арқылы ақы төлеуге болады. Ал 4 бағыттағы автобустарға электронды билет жүйесі енгізілді. Таяу уақытта барлық көліктерге осындай валидаторлар орнатылмақ.

Хабар 24 телеарнасы