389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы балық өңдеу зауыты қалдықсыз технологияға көшті

  • 730
  • UPD: 15:06, 03.10.2018
ШҚО-дағы балық өңдеу зауыты қалдықсыз технологияға көшті

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы балық зауыты қалдықсыз технологияға көшті.

Кәсіпорында балық ұнын шығаратын цех іске қосылды. Жұмыс орындары да көбейіп, қазір мұнда жергілікті 120 тұрғын еңбек етуде. Зауытта күніне бір ауысымда 4 тонна өнім шығарылады. Бұған дейін балықтың 40 проценті қалдық ретінде қалатын, енді сүйектерінің өзі үгітіліп, кәдеге жаратылып отыр. Зауытта негізінен Зайсаннан ауланатын сазан, көксерке, шортан сияқты балықтар өңделеді. Соңғы жылдары оларға деген сұраныс өз еліміз ғана емес, Еуропа елдерінен де артып келеді.

Александр Нарожнев, кәсіпорын жетекшісі:

- Біз шығаратын балық ұнының сапасы жоғары. Оған сұраныс та артып келеді. Кәсіпорынның қуаты жылына мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Ал қазір біз шикізат жетпегендіктен, 60 процентке қана жұмыс істеп тұрмыз. Болашақта бұл мәселе де шешімін табады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы