385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте әскерилерді тамақтандыру мәселесі қаралды

  • 414
  • UPD: 15:18, 03.10.2018

Алдымен тамақтың бағасына емес, сапаға мән беру керек.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин осылай деді. Жиында әскерилерді тамақтандыру мәселесі қаралды. Қаржы министрлігі оны «Мемлекеттік сатып алу» заңы аясында шешуді ұсынып отыр. Алайда халық қалаулылары қарсылық білдіріп, арнайы тәртіп аясында реттеу қажеттігін тілге тиек етті. Бұл ретте Мәжіліс төрағасы министрге тиісті заң жобасын екінші оқылымда қарау кезінде осыған назар аударуды тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

- Көтерілген сұрақ әскерде болып жатқан жағдай. Тамақтану мәселесі. Біздің ұсынысымыз – бұл аяны «Мемлекеттік сатып алу заңы» шеңберінен шығармау, бірақ тиісті ережелермен қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз, бұл салада демпинг болмауы керек. Қатты демпинг болса, онда тамақтың ешқандай сапасы болмайды.

Хабар 24 телеарнасы