384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету үшін 28 млрд теңге бөлінген

  • 616
  • UPD: 19:33, 03.10.2018
Оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету үшін 28 млрд теңге бөлінген

Биыл елімізде оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету үшін бюджеттен шамамен 28 миллиард теңге бөлінген.

Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан, Көкшетау облыстарындағы мектеп жасындағы балалардың барлығы дерлік қажетті кітаптарын алған. Көш басында Қарағанды облысы тұр. Кенді өлке бұл бағытта ең көп ақша жұмсап, ең көп мөлшерде оқулық сатып алған. Бірақ оқушыларын қажетті оқулықпен толық қамтып үлгермеген өңірлер де бар.

Хабар 24 телеарнасы