389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан «Жібек жолы» визасын қолданысқа енгізеді

  • 782
  • UPD: 21:49, 03.10.2018
Қазақстан мен Өзбекстан «Жібек жолы» визасын қолданысқа енгізеді

Қазақстан мен Өзбекстан жақын арада «Жібек жолы» визасын қолданысқа енгізуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ташкентте өткен «Жібек жолындағы туризм» атты халықаралық көрмеде айтылды. Осымен 24-ші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге биыл Қазақстанмен қатар Таиланд, Египет, Сингапур, Малайзия, Үндістан, Корея, Түркия және Қытай компаниялары қатысып жатыр. Көрмеге келушілер қолөнер шеберлерінің бұйымдарын көріп, «Шығыс базарынан» базарлық алып тарқасты. Сондай-ақ жәрмеңке аясында туристік компаниялар өзара тәжірибе алмасып, болашақта бірігіп қызмет көрсетудің жолдарын талқылады.

Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары:

- Қазір қос тарап осы мәселе бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен бірге бұл жобаға «Жібек жолы» бойында орналасқан өзге де мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. Болашақта олар да осы виза жүйесіне қосылатынына сенімдіміз. Бұл, әрине, өз кезегінде біздің шекарашыларымыз бен қауіпсіздік қызметтерінің тығыз байланыста жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан туристерге жағдай жасаумен қатар олардың қауіпсіздігіне кепіл болады.

Майнұр Мырзамадиева, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы:

- Бұл визалық режим жуық арада қолданысқа енетін болса, онда бұл туристерге бір мемлекеттен екінші мемлекетке оңай өтуіне мүмкіндік береді. Әрине, Орталық Азия елдеріне саяхаттап келген шетелдік туристер Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерін көргісі келеді. Сондықтан «Жібек жолы» визасы сол туристер үшін жаңа елдерге жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы