385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ЕО бастаған қылмыстық сот төрелігі жобасы мәресіне жетті

  • 410
  • UPD: 15:16, 04.10.2018
Елімізде ЕО бастаған қылмыстық сот төрелігі жобасы мәресіне жетті

Елімізде Еуропа Одағы бастаған қылмыстық сот төрелігі жобасы өз мәресіне жетті.

Үш жыл ішінде жергілікті құқық қорғау органдарының жүйесінде біраз өзгеріс болды. Бүгін бұл ведомство өкілдері жиналып, осы бағытта қол жеткізліген жетістіктерімен бөлісті. Әсіресе Бас прокуратура қызметінде ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бар. Ведомство қызметкерлері білімін xалықаралық стандарттарға сәйкес жетілдірді. Еуропалық Одақ Бұл бағдарламаға 5 жарым млн еуро бөлген. Бұл қаражат есебінен құқық қорғау органдарында реформаларды тиімді енгізу, үкім шығару ережелері мен тәсілдерін жаңарту және де қылмыстық сот төрелігіне жауапты мамандардың біліктілігін шыңдау мүмкін болды. 

Ілияс Нұрмағамбетов, Еуропалық Одақ жобасының сарапшысы: 

- Біздің басты мақсатымыз тәжірибе алмасу аясында сот жүйесінде өзгерістерге бағытталған. Заман өзгеруде. Сондықтан жұмыс тәжірибесін ауыстыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы