360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Жолдау құқық қорғау жүйесінің реформасына мүмкіндік береді

  • 196
  • UPD: 22:35, 05.10.2018

Елбасының халыққа Жолдауында құқық қорғау жүйесіне қатысты айтқан тапсырмалар салада көптеген реформаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілі Алуа Жолдыбалинова осындай пікірін білдірді. Оның айтуынша, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Ол полицейлердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.

Алуа Жолдыбалина ҚСЗИ Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

- Елбасы полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне де үлкен мән берді. Оларды аттестациялау мәселесі, білімн жетілдіру. Оларды дайындау тәсілі де өзгереді. Академияның жанында 3-6 айлық курстар ашылады. Заң мамандығын бітіргендерге үлкен басымдық береміз. Осының барлығы реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы