366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Бастықтар басып алған жерлерді кері қайтарсын

  • 190
  • UPD: 17:11, 05.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Бас прокурорына жерді иемденіп, телімді мақсатсыз пайдаланып отырған шенділердің ісімен айналысуды тапсырды.

Президент бұлардың кесірінен қазір,,, ірі қала орталықтарында жаңа кәсіпорын құруға қажетті әлеуметтік нысандар салуға бос орынның жоқтығын айтты. Ал ірі қалаларға ағылып, қоныс аударып жатқан отандастарымыз көп. Бос телімнің жоқтығынан оларға қажетті аурухана, білім ошақтарын тұрғызуға мүмкіндік болмай тұр. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешу кезек күттірмеуі керек деді.      

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Дайте внутри городов земли, пусть они построят. А нет внутри городов земли. Это отдельный вопрос - позахватывали имеющие власть люди и сидят как собака на сене: «Сам не освоил и другим не отдам». Я уже поручал прокуратуре разобраться, если он не осваивал по направлению, вернуть эти земли государству, чтобы другие могли сделать.

Хабар 24 телеарнасы