360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіпкер: Елбасы Жолдауы халықтың жағдайына оң әсер етеді

  • 237
  • UPD: 17:09, 05.10.2018

Қоғам қайраткерлері, білім, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың өкілдері Мемлекет басшысының жолдауын тамашалап, өз пікірлерімен бөлісті.

Ұстаздар қауымын жаңа заң жобасының қабылдануы ерекше қуантса, шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың артуына дән риза.

Болатбек Жоланов, кәсіпкер:

- Бүгінгі Елбасымыздың халыққа жолдауы өте керемет болып отыр. Кәсіпкерлерді қолдау, оның үстіне мына мұғалімдерді артық жұмысқа жұмсамау, мұғалімдерді айлығын көтеру осындай көп мәселелерді айтып өтті. Әр жыл сайын Елбасымыз жолдауы арқылы халықтың жағдайын жақсартуға атсалысып келе жатыр.

Әсима Бимендина, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі ең шешілген өте қуанышты жағдай білім саласына қаражат бөлінуі. 10 пайызға дейін өссін деген ол бұрын болмаған жағдай. Ұстаздар күтіп жүрген жағдай.

Хабар 24 телеарнасы