365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтардың коммуналдық қарызы 13 млрд теңгеге жеткен

  • 129
  • UPD: 00:27, 06.10.2018
Қазақстандықтардың коммуналдық қарызы 13 млрд теңгеге жеткен

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы қызмет ақысының өсуіне еш негіз жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені тұрғындар ақшаны төлегенімен, оның қайда, қалай жұмсалып жатқанын білмейді. Ал баға жылдан жылға көтеріліп жатыр. Бұл салада бәсекелестіктің қаншалықты жариялы жүргізіліп жатқаны да беймәлім. Сондықтан жергілікті әкімдіктер осының бәрін бақылауға алып, монополияға қарсы жұмысты күшейту қажет. Мұндай тапсырманы Елбасы халыққа арнаған Жолдауында сала басшыларына қадап айтты. Сондай-ақ Үкіметке үш айдың ішінде монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауды жүктеді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, бүгінде қазақстандықтардың коммуналдық мекемеге қарызы шамамен 13 миллиард теңгені құрайды. Өйткені тұрғындардың 97 пайызы бұл саланың қызметіне көңілі толмайтындарын жеткізген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мамандары жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша азаматтар коммуналдық мекемелердің басқару жүйесі мен қызмет атқару сапасына және тұрғындармен кері байланыс орнатпайтынына шағымданған. Оның үстіне қызмет ақысы жылына шамамен 7 пайызға қымбаттайды екен.

Хабар 24 телеарнасы