360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. Ұстаздар қауымын не күтіп тұр?

  • 304
  • UPD: 23:01, 05.10.2018

Ел дамуының бағдарына айналған Жолдау жағымды жаңалықтарға толы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Елбасының үндеуінен кейін шешімін таппай жатқан талай мәселеге тың серпіліс беріледі», – дейді қазақстандықтар. Мысалы, ұстаз мәртебесінің заңмен бекітілуі жер-жердегі мұғалімдер қауымын айрықша қуантты. Елбасы атап өткендей, ұстаздарға білім беруден басқа жұмыс жүктелмеуі тиіс. Сондықтан олар бұл заң жобасының ағарту ісіне оң септігін тигізеріне сенімді. 

Парида Мамедова, педагог:

– Мұғалімнің бұрынғы статусы қазір жоқ. Сол себепті статусты көтеру – керекті мәселе. Себебі ұстаздарды көптеген шараға тартып жатады.

Арыстан Ибадолла, ҚарМТУ профессоры:

– Мұғалімдерді қазір кез келген қоғамдық жұмысқа, шаруашылық жұмысқа жасауға бағыттайды. Мұғалім өз жұмысымен, бала білімімен шұғылдануы керек.

Әбдіқайым Ысқақ, зейнеткер: 

– Елбасының Жолдауында көптеген мәселе қозғалды. Соның ішінде білім саласына көп тоқталды. Стандартқа сай болу керектігі, мұғалімдердің жүктемесін азайту, олардың еңбекақысын көбейту мәселесі көрсетілді.

Қажымұрат Ахмеденов, М. Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры:

– Ұстаздар өзіне сәйкес емес жұмыстарды атқарудан босатылады, олардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік беріледі және мектептегі білім сапасы нығайтылады.

Рита Сұлтанғалиева, мемлекеттік ғылыми стипендия иегері:

– Елбасы әр Жолдауында, мемлекеттік бағдарламасында, мақаласы мен үндеулерінде айтылып келе жатқан мәселе – интеллектуалды ұрпақ мәселесі. Интеллектуалды ұрпақ мәселесін қозғаған кезде интеллектуалды ұлтты тәрбиелеу бағыты тұратыны белгілі. Сондықтан интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда, ұрпақ тәрбиелеуде педагогтардың маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы